Рафаэль Уразбахтин Темірлан Анарбековтің «Қайраттағы» болашағы туралы айтты
Жарияланды

Чемпиондар Лигасындағы ертеңгі «Қайрат»-«Брюгге» матчының алдындағы баспасөз мәслихаты барысында «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбеков алдағы маусымда командада қалатынын растады.
«Иә, иә, әрине, ол командада. Ол бойынша ресми ұсыныстар жоқ. Қазіргі уақытта ол біздің негізгі қақпашымыз», – деді Алматы клубының бапкері.
Айта кетейік, Анарбеков шотландиялық «Селтикке» қарсы ойында «Қайрат» қақпасын қорғап, алматылық клубтың Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне өтуіне жол ашқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы кездесу ертең, 20 қаңтарда «Астана Аренада» өтеді. Чемпиондар Лигасының алты турынан кейін Уразбахтиннің шәкірттері кестеде соңғы 36-шы орында (1 ұпай).