Трамп «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына 22 қаңтарда қол қояды

Дональд Трамп 22 қаңтарда Давоста «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қоймақшы. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg жазады.
Спикердің айтуынша, Газа секторындағы жағдайды реттеу үшін құрылатын ұйымның нақты жарғысы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бекітілуі керек. Ал Трамп шақырылған елдер құжатқа сол күні қол қойғанын қалап, ресми түрде өзгелерді де қатарға қосуға ниеттеніп отырған көрінеді.
Жарғы жобасына сәйкес, АҚШ Президенті «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы төрағасы болады және жаңа қатысушыларды шақыру туралы жеке өзі шешім қабылдау құқығын сақтап қалады.
Ұйымның тұрақты мүшесі мәртебесін алу үшін АҚШ әкімшілігі мемлекеттерден бірінші жылы кемінде 1 млрд доллар көлемінде жарна төлеуді талап етеді.
Бұл «Бейбітшілік кеңесіне» қатысуға Трамп бірқатар елдерге шақырту жіберді. Оның ішінде Тоқаев та бар. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кеше ол шақыртуды ресми қабылдағанын жариялаған.
Дәл осындай шақырту Путинге де жіберілген екен.