Польшада неке куәлігіндегі «күйеу» мен «әйел» деген статусты алып тастады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Польша ресми құжаттардан «күйеу» және «әйел» деген терминдерді алып тастамақшы. Оны «бірінші жұбай» және «екінші жұбайы» деп ауыстырады. Бұл туралы елдің цифрландыру министрлігі хабарлады.

Ведомство атап өтуінше, қазір арнайы бұйрық дайындалып жатыр. Бұл шешім ЕО Сотының талабына сай болу үшін жасалып отыр.

Осыған дейін Польша заңнамасына сәйкес бір жынысты одақтар ресми отбасы деп саналмайтын. Неке деп тек ер мен әйелдің одағын ғана айтатын еді. Бірақ былтыр Польшада екі азаматшаның ісіне қатысты дау болып, Еуроодақ сотына дейін жетті. 2025 жылы 25 қарашада сот Польша билігі тіпті шекара сыртында қосылған бір жынысты некені де ресми түрде мойындау керек деген шешім шығарды.

Жалпы Еуроодақ құрамындағы барлық елдерді бір жынысты некені мойындауға міндеттеген еді. Тіпті ол елдің ішкі заңнамасында ондай пункт болмаса да, осы талап орындалуы керек. Қазір Еуроодақ құрамындағы 27 елде бір жынысты некеге ресми рұқсат берілген.

Ал Қазақстанда бір жынысты некеден бұрын ажырасу үлкен мәселе болып отыр. Ұлттық статистика бойынша, биыл елімізде жарты жыл ішінде 51,4 мың неке тіркелсе,  дәл соның жартысына жуығы ажырасқан. Kursiv Media бұл тақырып бойынша психологпен сөйлескен еді, мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз