Ірі алтын өндіруші компанияның акциялары Қазақстан қор биржасында сатылады

Қазақстанда ірі алтын өндіруші компанияның бірі – Solidcore Resources plc қарапайым акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) саудалана бастайды. Бағалы қағаздар 19 қаңтардан биржаның «стандарт» категориясына ресми түрде қосылған.
Бұл шешімді KASE басқармасы 2026 жылғы 8 қаңтарда қабылдады. Акциялардың саудаға шығу күні кейінірек жарияланады.
Акцияларды биржаға шығарудағы бастамашы – Freedom Finance Global PLC. Solidcore Resources plc негізінен холдингтік компаниялар қызметімен айналысады.
2025 жылы осы компанияның акциялары AIX биржасында ең көп сауда көлемін көрсеткені белгілі: 284,4 млн доллар. Яғни жалпы сауда көлемнің 52%-ы осы акцияларға тиесілі болды. Ал құны былтыр бірден +99,4%-ға қымбаттаған.
Алтын өндіруші компанияның 29,7%-ы омандық Maaden International Investment LLC-қа тиесілі болса, 0,7%-ы менеджмент қолында, ал қалған 69,6%-ы еркін айналымда жүр.
Компания 2025 жылдың ІІІ тоқсанында өндіріс көлемін 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға арттырып, 125 мың унция деңгейіне жеткізген.