Тоқаев Қызылорда әкімін мақтады

Қызылордада Тоқаевтың төрағалығымен V Ұлттық Құрылтай басталды. Президент сөз басында қаланың тарихи маңызына тоқталып өтті деп хабарлайды Kursiv.Media тілшісі.
«Қызылорданың тарихи маңызы айрықша. Бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны мәлім. Бұл шаһарда Қазақстан болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданды», – деді ол.
Қаланың бүгінгі әлеуметтік ахуалының жақсарғаны, қарқынды дамуы өңір басшысының арқасы деп Нәлібаевты атап өтті.
«Қызылорда қаласында әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 5 мәдениет және спорт нысаны салынды. Оған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Облыстың жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», – деді президент.