Елдегі жаңа парламент «Құрылтай» деп аталады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Парламентті 145 депутат болады/фото: Асқар Ахметуллин

Елде жаңа бірпалаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Бірпалаталы парламентте 145 депутат болады.

«Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны сегізден аспайды», – деді Тоқаев.

Айтуынша, болашақ парламентті «Құрылтай» деп атау қажет.

«Құрылтайдың» тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы еліміздің саяси жүйесінде «Құрылтай» атауы аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», – деді президент.

Айта кетейік, Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз