Жаңбыршин ЛГБТ белсендісіне балағат сөз жазғанын мойындады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Business News бөлімінің тілшісі
депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ белсендісі Виталий Шевченко
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ белсендісіне балағат сөз жазғанын растады. Бірақ жазғандығы мақсатым басқа болды деді ол Kursiv Media тілшісінің сұрағына.

«Жаздым бірақ ол балағаттау емес. Бірақ өзіңнің сондай топта (ЛГБТ – «ред.) екеніңді айқайлап, жұртқа жариялаудың қажеті жоқ деген сөз. Менің түсінігімде ол метафора», – деп түсіндірді депутат.

Жаңбыршин өзгенің «ар ұжданына тидім» деп есептемейді.

«Мен оның арыз талабына келіспеймін. Әркім енді өзі біледі ғой, қандай арыз-шағым жасайтынын. Оны енді сот шешеді ғой, сот шешіміне байланысты», – дейді спикер.

Бірақ басқа біреуіне өзіне сондай сөз айтса, еш ренжімейтінін айтты.

Еске салайық, былтыр ЛГБТИК+ белсендісі Виталий Шевченко Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинді сотқа берген еді. Белсендінің сөзінше, ол депутатқа гомофиядан қалай зардап шеккенін, мектепте буллингке ұшырағанын айтып берген. Ал Жаңбыршин оған «не кукарекать» деп жауап қатқан.

Көпшілік арасында бұл сөз өте ауыр, гомофобиялық балағаттауға жатады. Түрме жаргонында «петух» деп жиі зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе зәбір көрген адамды атайды. Шевченко лауазымды тұлғаның дәл осылай сөйлеуін «шектен шыққандық» деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз