«Біліксіздіктің салдары»: Тоқаев МӘМС қорындағы ұрлықты қатаң сынады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
1905 медициналық ұйымның 1897-сіне төлем жасалды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (МӘМС) жүргізілген кешенді тексеріс нәтижесінде көптеген заңбұзушылық деректері анықталғанын айтты.

Сөзінше, тексеріс кезінде мемлекеттік қаражатты аса ірі көлемде қаржы жымқыру мақсатында құжаттарды қолдан жасау, жалған есеп беру секілді фактілер тіркелген.

Президент 2024 – 2025 жылдары мемлекет денсаулық сақтау саласына 7,8 трлн теңге бөлгенін еске салды. Ол әлеуметтік салаға бағытталған қаржы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.

«Үкіметтің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарауына беру жөніндегі шешімін қолдаймын. Қорда орын алған жағдай – әлеуметтік сала басшыларының біліксіздігі мен мемлекеттік мүддеге немқұрайлы қарауының салдары. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің адалдығына қойылатын талап әлі де өзекті, жалпыұлттық деңгейдегі міндет болып қала береді», – деді Президент.

Бұған дейін Президенттің жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз