Президент жекеменшік мектептер дауына нүкте қоюды тапсырды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Business News бөлімінің тілшісі
Коллаж: kursiv.media мұрағаты

Тоқаев кейінгі кезде өзіне жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетігіне қатысты азаматтардан келіп түсетін сауалдар жиілеп кеткенін айтты.

Мемлекет басшысы білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланып отырғанын атап өтіп, оны шұғыл түрде түзету қажеттігін мәлімдеді.

«Жекеменшік мектептерге жүргізілген аудит нәтижесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінің кемшіліктері салдарынан заңсыз әрі негізсіз шығындарға жол берілгені анықталды. Осыған байланысты Үкімет алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру механизмін жедел реформалау міндеті қойылды. Сонымен қатар қаржыландырудың нақты критерийлерін айқындау қажет», – деді Тоқаев.

Президент бұл процесте бизнестің орта білім беру жүйесін дамытудағы маңызын ескеру керек екенін атап өтті.

Еске салсақ, жақында Үкімет басшысы Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялауда алаяқтық барын айтып, аталған мәселені шешуге бір апта уақыт берді.

Көп өтпей елдегі жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгеретіні жайлы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз