Халық банк клиентке видеоқоңырау шалған: оқиға желіде қызу талқыланды
Жарияланды

Тредс желісінде zhumabaeva___sa атты қолданушы өзіне Халық банк видеоқоңырау шалғанын скринмен түсіріп алып, фотосуретін жариялады. Оқиға желіде қызу талқыланып жатыр.
Қолданушылар басқа банктер тарапынан да біртүрлі аудиоқоңыраулар түсетінін жарыса жазуда. Кейбіреулер тіпті бұл алаяқтар болуы мүмкін деп болжам жасаған.
Бұл жайтқа Халық банктің өзі де реакция білдірді.
«Бізге толығырақ мәселенің мән-жайын Facebook, Instagram парақшаларының жеке хабарламасына жолдауды сұраймыз, талдау жасап, артынан кері байланыс ұсынамыз», – деп жауап жазған клиентке банктен.
Еске сала кетейік, жақында елде банк туралы заң қабылданған болатын.