Қазақстанда вице-президент болған Ерік Асанбаев жайлы не білеміз

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Ерік Асанбаевтың «Эпоха» газетінде жарияланған суреті / Фотокөшірме

Қазақстан тарихында вице-президент қызметін атқарған жалғыз тұлға – Ерік Мағзұмұлы Асанбаев.

Ерік Асанбаев бұл қызметті 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың тәуелсіздігі жарияланғаннан бастап атқарды. 1996 жылы 22 ақпанда Назарбаев Асанбаевты қызметінен босатып, вице-президент қызметі жойылған.

Кейін Асанбаев Германияға елші болып жіберілді. Ол сұхбаттарында қазақстандықтардың болашақ ұрпағы қандай болуы керек деген ойларын да ортаға салған.

Ерік Асанбаев 2004 жылғы 23 тамызда өмірден өтті. Биыл ол 90 жасқа толар еді. Қостанай облысында Ерік Асанбаевтың ескерткіші бар.

Айта кетейік, енді Қазақстанда вице-президент болады. Ұлттық құрылтайда Тоқаев осындай ұсыныс айтты.

Сондай-ақ оқыңыз