Шымкентте жолға таласқандар жаппай төбелесті, бір адам қайтыс болды

Бүгін Шымкенттегі Рысқұлов көшесі мен Ерімбетов көшесінің қиылысында жолға таласқандар жаппай төбелескен. Бейресми ақпаратқа қарағанда, екі көлік соқтығысқан. Оқиға орнында екі адамға пышақ сұғылып, түрлі дене жарақатын алған. Бір адам қайтыс болған.
Әзірге жарақат алғандардың жағдай беймәлім. Ал полиция бір адамның қайтыс болған растады.
«Жеңіл көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында келіспеушілік болған. Оқиға орнында бірнеше адам пышақ жарақатын алып, бірі қайтыс болды» делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ретінде 40 жастағы қала тұрғыны мен оқиғаға қатысқандар іздестіріліп жатыр.
Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков мегаполистің құқық қорғау органдарының жұмысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алғаннан кейін қызметінен шеттетілген еді.