ТЖМ тікұшағы Абай облысынан нәрестені эвакуациялады
Жарияланды

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Абай облысынан шұғыл медициналық эвакуация жүргізіп, нәрестені Семейге жеткізді.
«Бүгін санитарлық авиация желісі бойынша «Семей – Аягөз – Семей» бағыты бойынша ТЖМ тікұшағымен санитарлық әуе рейсі орындалды. Ұшу 2025 жылы туған баланы шұғыл тасымалдау мақсатында жүзеге асырылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенсек, кішкене баланың жағдайы жедел арнайы медициналық көмекті қажет еткен. Сондықтан санитарлық авиацияны қолдану туралы шешім қабылданған.
Экипаж бен санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өткен.