Әр министр мен әкімнен нақты нәтижелер керек – Бектенов

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті.

«Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Бұлар – қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына деген мызғымас ұстаным. Ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан» да негізгі құндылықтардың қатарында тұр, – деді Бектенов.

Премьер-министр Мемлекет басшысы елдің экономикалық дамуына қатысты міндеттерді нақтылап, жауапты тұлғалардан батыл әрі инновациялық шешімдер күтетінін айтты.

«Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңір бойынша көзге көрінетін нақты нәтиже қажет», – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, кеше Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Жиын барысында елімізде болатын саяси өзгерістердің бір парасы айтылды. 

Сондай-ақ оқыңыз