Қазақстанда конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Касым-Жомарт Токаев
Қазақстанда конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды / Фото: akorda.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

2026 жылғы 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру көзделген. Құжатқа сәйкес Комиссия туралы ереже және оның құрамы бекітілді.

Комиссияны Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Асимова басқарады. Ал оның орынбасары мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева болса, комиссияның хатшысы болып, президент әкімшілігінің қызметкері Айдар Жарылғанов таңдалды.

Комиссияның құрамына АП, ҰҚК, прокуратура, ұлттық компаниялар қызметкерлері, Парламент және мәслихат депутаттары, әкімдер, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді.

Конституциялық комиссияның қызметі елдегі конституциялық өзгерістерді әзірлеуге және оларды жүйелі түрде талқылауға бағытталады. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаның талқылана бастағанына жарты жыл болғанын, осы уақытта қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсатына қатысты дұрыс түсінік қалыптасқанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз