Шымкент көшесіндегі төбелес: полиция тағы бірнеше күдіктіні іздестіріп жатыр

Шымкент көшесіндегі төбелес пен кісі өліміне қатысты тағы бірнеше күдікті іздестіріліп жатыр. Астанадан оңтүстікке бірнеше маман қызметтік тексеру жүргізу үшін аттанды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада бейсенбідегі брифингте осылай деп мәлімдеді.
«Қылмыстық істер аясында әлі ұсталмаған бірнеше күдікті бар. Полиция соларды анықтау, ұстау үшін шара қолданып жатыр», – дейді вице-министр.
21 қарашада төрт күдікті ұсталғаны мәлім болды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр. Қанды оқиғадан соң «Адам өлтіру», «Бұзақылық» және «Адамды ұрлау» баптары негізінде үш қылмыстық іс қозғалған.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда Шымкентте жолға талас соңы төбелеске ұласып, екі адам пышақ пышақталған. Күдіктілер жарақат алған 40 жастағы ер адамды көлікке салып алып кеткен. Ұзамай оның денесі Ордабасы ауданы Темірлан ауылынан табылған.
Ал пышақталған екі адамның бірі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалған, қазір жан сақтау бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы ауыр.