Балаларға ақшаны дұрыс жұмсауды қалай үйретуге болады

Баланы жастан деген. Балалардың ақша ұстау әдеті ерте жастан бастап қалыптасады. Бала мектепке бармай тұрып-ақ ата-анасының мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан осы кезеңде баланың ақшаға қатысты түсінігін қалыптасыру қажет. Төменде ойындар мен өмірдегі нақты жағдаяттар арқылы балаларға ақшаны дұрыс жұмсауға үйрететін пайдалы әдістерді ұсынып отырмыз.
Дүкен ойыны: ақшаның мәнін түсіндіру
Кішкентай балалар үшін үйренудің ең жақсы жолы – ойын. Қағаз ақшаның жиынтығын немесе тиындарды пайдаланып, «дүкенде» сауда жасаңыз. Балаңыз бірде сатушы, бірде сатып алушы болып кезекпен ауысып ойнағаны жөн.
Ойын қызықсыз болып кетпес үшін шарттарын күрделендіріп отырыңыз:
– «Бүгін 50% жеңілдік жүреді! 500 теңгеге 2 ойыншық сатып алсаңыз болады!» дегендей «жаппай сатылым» ұйымдастырыңыз.
– бағаларды салыстырып, «жеңілдік» картасын енгізіңіз,
– балаңыздың бір тауарларды таңдап, басқаларынан неліктен бас тартып жатқанын талқылаңыздар.
Алғашқы қалтапұл: бақылаудағы дербестік
Қалтапұл мектеп жасына жетпеген баланың дербес әрі сенімді болуына көмектеседі. Балаңыздың ақша жаратуға деген қызығушылығы пайда болса, Freedom SuperApp қосымшасына кіріп, оған балаларға арналған Power Card картасын ашып берсеңіз болады. Бұл – ақшаны дұрыс жаратуға үйрететін және қалған ақшаны көріп отыруға мүмкіндік беретін қауіпсіз жол.
Бұған қосымша «офлайн-ақшаға да» көңіл бөліңіз. Жинақ сандықша бұған жақсы құрал бола алады. Ол ақшасының көбейгенін көріп, «сейфті қашан бұзып», неге жарату керегін өзі шеше бастайды.
Ақша бір сәттік қуаныш үшін емес, болашақ үшін де қажет. Мұны балаңызға ақырындап түсіндіруіңіз керек.
Бюджетті жоспарлау: нені сатып алу керегін бірге талқылау
Мектеп жасына жақындаған бала таңдау жасауды енді үйрене бастайды. Сондықтан бірдеңені сатып алмас бұрын ата-анасымен ақылдасуы ләзім.
Мәселен, «Бүгін нені сатып алуымыз қажет? Қай затты келесі аптаға қалдыратынымызды шешейік!» деп шарт қойыңыз.
Түсіну үшін екі баған сызып қойыңыз. Мәселен:
– ауадай қажет заттар,
– «қалауларың».
Балаңыздың сатып алғысы келген заттарын бірге орналастырыңыз. Бұл балаға жоспарлауды үйретіп, «қажет» пен «қалау» арасындағы айырмашылықты көруге үйретеді.
«Жұмыс берушінің» рөліне енеміз: ақша еңбектің өтеуіне берілер ақы
Ақшаның құндылығын түсіндірудің ең жақсы жолы – балаңызға нақты әрекеті арқылы ақша «табуды» көрсету. Мысалы:
– үйді жинағаның үшін 200 теңге,
– жаттығу жасағаның үшін 300 теңге,
– ағылшынша бес сөз жаттағаның үшін 500 теңге.
Десе де, барлық әрекеті үшін ақы төлей беруге болмайды. Алайда ойын жүйесі ретінде бұл әдіс жақсы жұмыс істейді. Балаңыз ақша еңбекпен келетінін, қалаған дүниесін сатып алу үшін күш салу қажет екенін ұғады.
Өзіміз үлгі көрсетіміз
Балалар қаржылық сауаттылықты ата-анасына қарап үйренеді. Сондықтан ойнап, түрлі тәжірибелер жасаумен ғана шектелмей, өз әрекеттеріңізді де жалпақ тілмен түсіндіруге тырысыңыз.
– неліктен пайдалы ұсынысты таңдағаныңызды,
– неліктен ақшаның бір бөлігін жинаққа салғаныңызды,
– неліктен жоспарланбаған заттарды сатып алмайтыныңызды айтыңыз.
Айта кететін жайт, енді бала күтімімен отырған уақыт еңбек өтіліне қосылуы мүмкін.