Елордалық кейбір оқушылар 23 қаңтарда онлайн оқиды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
онлайн сабақ, қашықтан білім беру, дети в интернете
Елордалық кейбір оқушылар 23 қаңтарда онлайн оқиды / unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

23 қаңтарда Астана қаласының кейбір оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқитын болады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

«2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, алдыңғы аптада күн күрт суытып, апта бойы елордалық және солтүстік өңірдегі оқушылар мен 9-сыныптан кейін колледжге түскен 1-2-курс студенттері онлайн оқуға мәжбүр болған.

Елорда мен солтүстік өңірлердегі ауа райы әлі де суық болып тұр. «Қазгидромет ақпаратына сүйенсек, елордада қар жауып, қатты жел соғып, температура бағаны -21…-22°C дейін төмендеуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз