Илон Маск келесі жылдан бастап робот сата бастайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Tesla

Tesla компаниясы 2027 жылдың соңына қарай гуманоидты роботтарды сатылымға шығаруы мүмкін. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді.

Кәсіпкердің айтуынша, қазір Optimus деп аталатын бірнеше робот Tesla зауыттарында қарапайым тапсырмаларды орындап, жұмыс істеп жатыр.

Tesla осы жылдың соңына дейін роботтарды барынша жетілдірмекші. Ал келесі жылдың соңына қарай компания өнімді нарыққа шығарып, көпшілікке сата бастауды көздеп отыр. Робот авторларының сөзінше, олар гүлге су қою, поштадан тапсырыс әкелу, иттерді қыдырту сияқты күнделікті шаруаларды атқара береді.

Илон Маск гуманоид роботтарды жасау идеясын алғаш рет 2021 жылдың тамызында айтқан. Үш жылдан кейін Optimus-тың ресми таныстырылымы өтті. Сол кезде Маск роботтың болжамды құны 20 мыңнан 30 мың долларға дейін болады деген еді. Былтыр роботтар қоғамдық шараларға қатысып билеп, тіпті кунг-фу элементтерін көрсетті.

Осыған дейін Илон Маск роботтар армиясын құрғым келеді деген жоспарын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз