Жақын арада Абу-Дабиде тағы да Украина, Ресей, АҚШ келіссөздері өтеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
зеленский
Фото: Shutterstock

АҚШ, Украина және Ресей өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) соғысты аяқтау мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен кездесуінен кейін мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, мәселе үшжақты форматтағы келіссөздер туралы болып отыр. Кездесу осы жұма және сенбі күндері Абу-Дабиде сарапшылар деңгейінде өтуі тиіс. Бұған дейін мұндай жоспарлар туралы Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф та хабарлаған.

Украина президентінің сөзінше, АҚШ-тың келіссөздер өткізу туралы ұсынысы ол үшін де күтпеген жайт болған. Бірақ ол бұл кездесуден тым жоғары нәтиже күтпейтінін, дегенмен Мәскеудің ымыраға келуге дайындығын түсіну маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, Украина мен Ресей арасында бірнеше айдан бері ресми тікелей келіссөздер болмаған.

Осыған дейін қаңтардың ортасында Украина делеагациясы Ақ үйге барып, АҚШ тарапымен кездесу өткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз