«Шатыры өртенді»: Алматыда құрылыс дүкені жанып кете жаздады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті / Фото: ТЖМ
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті / Фото: ТЖМ

Алматыда құрылыс материалдары дүкені өртеніп кете жаздады. Жалын ең алдымен ғимараттың шатырын жалмаған.  

112 kz ақпаратына қарағанда, өрт сөндірушілері жедел жетіп, шығынның алдын алды.

«Бүгін ТЖМ күштері Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама алды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Тексеру барысында бір қабатты құрылыс материалдары дүкенінің шатырында өрт болып жатқаны анықталды», – делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, қалың түтін салдарынан өрт ғимараттың шатыры арқылы таралу және оған жапсарлас әкімшілік ғимаратқа өту қаупі туындады. Өрттің шығу ошағын анықтап, жою үшін өрт сөндірушілер бензорездің көмегімен шатырды ашқан.

Сондай-ақ жапсарлас әкімшілік ғимаратты қорғау және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру оқпандары берілген.

«Жедел қабылданған әрекеттердің нәтижесінде дүкен иелерінің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстарын ТЖД басшысы басқарды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін, Қарағандыда дүңгіршек жарылып, үш адам реанимацияға түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз