Ұлттық банк базалық мөлшерлемені неге жоғары деңгейде ұстап отыр

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бас банк неге ақша-несие саясатын қатаң ұстап, базалық мөлшелемені түсірмей отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, басты себеп – инфляцияның қарқын алуы. Былтыр инфляция қарқын алып, қыркүйек айында ең жоғары мәніне жеткен.
«Алайда желтоқсан айында баға өсімінің қарқыны бәсеңдей бастады. Бұл үрдің ең алдымен азық-түлік тауарларына жатпейтін тауарлар мен қызметтер нарығында байқалды», – деді ол.
Сүлейменов инфляция ішкі сұраныстың ұсыныстан асып түсуі салдарынан қалыптасып отырғанын атап өтті.
«Азық-түлік инфляциясы қарқын алып, салық реформасынан және қосымша құн салығындағы өзгерістерден халық пен бизнестің инфляциялық күтулері өсті. Ал базалық жылдық инфляция әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Осы факторлар бірігіп, инфляцияның тұрақты сипаты мен баға процестерінің инерциясын көрсетті», – деді банкир.
Сүлейменов инфляцияны үнемі төмендетіп отыру үшін қалыпты қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет деп есептейді. Бұл ретте Ұлтты банк төрағасы инфляция төмендемесінше, қатаң саясат ұстанатынын айтып өтті.
«Мәселен, инфляция екі пайызға төмендесе, біз базалық мөлшерлемені де 2 пайызға түсіреміз», – деді Сүлейменов.
Ұлттық банк осымен екінші рет базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Былтыр бас банкир негізгі көрсеткіш 2026 жылдың ортасына дейін жоғары болуы мүмкін екенін жасырмаған.