Макрон таққан көзілдірік: италиялық компанияның акциясы бір сәтте 28%-ға өсті

Франция президенті Эммануэль Макронның Дүниежүзілік экономикалық форумдағы стилі италиялық iVision Tech компаниясына күтпеген жерден табыс әкелді. Президент аталған брендтің көзілдірігін тағып шыққаннан кейін, өндірушінің акциялары бірден 28%-ға ұшып, компанияның нарықтық құны 3,5 млн еуроға артты, деп жазады Reuters.
Макрон Pacific S 01 моделіндегі көзілдірікті таққан. iVision Tech бас директоры Стефано Фульчир көзілдірікті президентке 2024 жылы жеке өзі сыйға тартқанын растады.
Дегенмен Франция президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Макрон көзілдірік тағып шығуға мәжбүр болған. Себебі көзіндегі қан тамырлары жарылып, студиядағы қатты жарық оған жайсыздық тудырған.
Осыған дейін Макронның әйелімен арасындағы кикілжің туралы жазған едік. Халықаралық сапардың бірінде ұшақтан түсер сәтте Францияның бірінші ханымы Брижит Макрон күйеуін бетінен шапалақпен ұрады. Кейін оны президент жай қалжыңдады деп түсіндірген.