Ұшақ билеті құнын қайтаруға қатысты өзгеріс енгізу ұсынылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Байтоқ мемлекет бұл жағдайда азаматтардың құқығын қорғауға міндетті деп санайды/фото: shutterstock

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ ішкі рейстерде билет құнын қайтармау туралы талапты алып тастауды ұсынды.

Айтуынша, билет құнын қайтармау барлық жауапкершілікті жолаушыға жүктейді. Азамат қандай жағдаймен бетпе-бет келгеніне қарамастан, билет ақшасын қайтарып ала алмайды.

Байтоқ авиация жай ақша табатын бизнес емес, қоғам үшін маңызы бар көлік түрі екенін айтады. Сөзінше, мемлекет бұл жағдайда азаматтардың құқығын қорғауға міндетті.

«Ішкі әуе рейстерінде билет ақшасын қайтарып алуға болмайды дегенді тоқтату керек. Немесе әуе компания басқа күні ұшу үшін билетті тегін ауыстыру мүмкіндігін беруге тиіс», – дейді ол.

Айта кетейік, FlyArystan ұшақтары Астанадан Грузияның Кутаиси қаласына уақытша ұшпайтын болды.

Сондай-ақ оқыңыз