Алматыдағы Ұлттық кітапханада жалған награда табысталған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ/фото: shutterstock

Алматыдағы Ұлттық кітапханада жалған награда табысталған. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. К. мемлекеттік наградаларды заңсыз тағу және иемдену бабы негізінде сотқа тартылған.

«2025 жылдың желтоқсанында К. Ұлттық кітапхана ғимаратында дөңгелек үстел ұйымдастырып, тиісті рұқсатсыз және өкілеті жоқ екеніне қарамастан мемлекеттік наградаларға ұқсас атаулары мен сыртқы белгілері бар наградаларды табыстаған», – делінген ақпаратта.

Сот шешімімен К. кінәлі деп танылып, 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз