Australian Open – 2026: Александр Бублик төртінші айналымға өтті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ойын 2 сағат 35 минутқа созылды/фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты.

Ол әлем рейтингінде 62-орында тұрған аргентиналық теннисші Томас Мартин Этчеверримен бақ сынасып, қарсыласын 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Ойын 2 сағат 35 минутқа созылды.

Енді Александр Бублик әлемнің алтыншы ракеткасы – аустралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі.

Бұған дейін Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде топ жарып, мансабында алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына енді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да Australian Open – 2026 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Үшінші айналымдағы матчта Путинцева Түркия теннисшісі Зейнеп Сөнмезді 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңді.

Сондай-ақ оқыңыз