Рудныйда екі жасөспірім кісі өлтірді деген күдікке ілінді – БАҚ
Жарияланды

Қостанай облысы Рудный қаласында ер адам қаза тапты. «Наша газета» редакциясының хабарлауынша, екі жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілінген.
Қостанай облысы полициясы қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша іс қозғаған.
«Күдіктілер анықталды. Оларды ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлаған полиция.
Әлі расталмаған ақпаратқа сәйкес, полиция 16-17 жастағы екі адамды іздеп жатыр. Ал қайтыс болған жігіт 20 жаста болған. Оның музыкалық колледждің студенті екені айтылған.
«Тобол Инфо» қайтыс болған жігіттің 2006 жылы туғанын жазды.
Айта кетейік, Оралда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан. Содан кейін жергілікті полиция қылмыстық іс қозғады.