Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Гульмира Сабденбек
Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды / Фото: gov.kz

Жақында ғана Қаржы министрлігінің қарамағына өткен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) басшы болып Гүлмира Сабденбек тағайындалды, деп хабарлайды Қаржы министрлігі. Оның бірінші орынбасары болып Айдар Мекебеков тағайындалды.

«Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов «Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды», – делінген хабарламада.

Гүлмира Сабденбектің медициналық білімі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесі, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқару тәжірибесі бар. Әр Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментінде, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында» жұмыс істеген. Президент әкімшілігіндегі әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелеріне жетекшілік еткен.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет президенттің бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кешенді талдау жүргізіп, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметінде жүйелі заңбұзушылықтар анықталып, осыдан кейін қор Қаржы министрлігінің бақылауына берілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз