Қазақ мұнайы кенорындарын шетелге сатуға кімдер қол қойды

Қазақстан тәуелсіздігін алған тұста елдегі мұнай кенорындарын шетелдік компанияға сату туралы шешімге кімдер қол қойды. Бұл туралы журналист Асылхан Мамашұлының ARA Media жобасының «Қилы кезең» бағдарламасының 11-бөлімінде сөз болды.
Бағдарламадағы ақпаратқа сүйенсек, елдің батысындағы кенорындарын шетелдік компанияның бақылауына беру туралы келісімге тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегі Гурьев облыстық (қазіргі Атырау және Маңғыстау облыстары бұрын бір облыс болып, осылай аталған) партия комитетінің бірінші хатшы (қазіргі әкім секілді қызмет) Сағат Түгелбаев қол қойған.
Бір қызығы Сағат Түгелбаевқа дейін облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін Ғазиз Алдамжаров атқарып келген. Алайда ол кенорындарын шетелге сатуға қарсы шығып, құжатқа қол қоюдан бірнеше рет бас тартқан.
«Нұрекең маған «қол қой» деді. Мен «қол қоймаймын» дедім. Мен бұл жерде қаламын. Бір жаққа кететін, қашатын кісі болсам қол қояр едім. Мен елде қаламын. Ертең осыны халық біліп, құлағына жететін болса, менің сүйегімді жерден қазып, басымның сүйегімен футбол мүмкін дедім. Маған не керек ол?» – деді Алдамжаров.
Осылайша Алдамжаров «Теңіз» кенорнын «Шеврон» компаниясына пайдалануға беру туралы құжатқа қол қоюдан бас тартқаннан кейін Назарбаев оның орнына Түгелбаевты тағайындаған. Түгелбаев Назарбаевпен бірге Лондонға барып, құжатқа қол қойған.
Бұдан бөлек, «Қилы кезең» бағдарламасының жаңа бөлімінде Назарбаев пен сол кездегі Жоғарғы Кеңес (қазіргі Парламент) төрағасы Серікболсын Әбділдиннің арасындағы текетірес, Ата заңның қабылдануы, жас мемлекеттегі алғашқы жемқорлық істері мен теңгенің пайда болуы туралы баяндалады.
Журналист Асылхан Мамашұлының «Қилы кезең» атты еңбегі он сериядан тұрады, оның төрт сериясы жарыққа шығарды. Алғашқы бөлімдерінде кеңес үкіметіндегі ішімдікпен күреснауқаны, Қонаевтың қызметтен кетуі жайлы кеңінен тарқатады.