«Челсидің» бұрынғы ойыншысы Виктор Мозес «Қайсар» футбол клубына ауысады

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы Виктор Мозес «Қайсар» футбол клубына ауысады. Клубтың ресми парақшасында жарияланған видеодан спортшыны Қызылорда қаласының әуежайынан күтіп алып жатқаны байқалады.
«Бүгінгі күннің басты кейіпкері Қызылордада!» – делінген видео сипаттамасында
Фуболшының өзі:
«Сәлем достар, сіздермен Виктор Мозес. Сіздермен кездесуді асыға күтудемін. Алға Қайсар», – дейді.
35 жастағы нигериялық футболшы мансабын қызылордалық «Қайсар» клубында жалғастыратыны жақында белгілі болған. Ол клубпен бір жылдық келісім-шартқа отырмақ.
Мозес карьерасын «Кристал Пэлас» клубында бастаған, бірақ нағыз табысқа «Челси» құрамында жеткен. Ол команданың құрамында 2017 жылы Англия чемпионы атанып, 2018 жылы Англия кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ 2013 жылы Лига Европа жеңімпазы атанған.