Вице-президентті қызметтен босату Президенттің құзыретінде болады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Вице-президентке қандай талап қойылады / Фото: Конституциялық комиссияның телеграм-арнасы

Қазақстанда вице-президентті ел Президенті Құрылтай депутаттарының көпшілік дауысымен берілген келісімі негізінде тағайындайды. Оны қызметінен босату құқығы да Мемлекет басшысына тиесілі болады.

Комиссия мүшесі Ержан Жиенбаев комиссияның алғашқы отырысында вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерді таныстырды.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді, сондай-ақ Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді

.Сонымен қатар Президент атынан Қазақстанның және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдарымен байланыс орнатады. Вице-президенттің өзге де өкілеттіктерін Президент айқындайды.

Вице-президент институты енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. Сондай-ақ Конституция деңгейінде Вице-президентке қойылатын талаптарды бекіту көзделіп отыр.

Атап айтқанда, вице-президент өкілді органның депутаты болмау, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауы және кәсіпкерлік қызметпен айналыспауға тиіс. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ол саяси партияға мүше бола алмайды.

Бұған дейін мемлекеттік кеңесті Ерлан Қарин жұмыс тобының ұсыныстарын таныстырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз