Италия Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатты
Жарияланды

Қазақстандағы Италия елшілігі операциялық жүйеде жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты барлық визалық қызметтердің уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
Не болды?
2026 жылғы 12–18 ақпан аралығында Қазақстандағы VFS Global визалық орталықтары италиялық визаларға құжат қабылдамайды және бұрын тапсырылған өтініштерді де өңдемейді.
Құжат қабылдаудың соңғы күндері:
- Астана қаласында — 2026 жылғы 11 ақпан (VFS Global орталығы, «Kaskad» бизнес орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, 111-кеңсе, 11-қабат);
- Алматы, Атырау, Шымкент және Өскемен қалаларында — 2026 жылғы 6 ақпан (жергілікті VFS Global орталықтарында).
Визалық өтініштерді қабылдау және өңдеу жұмыстары 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап штаттық режимде қайта жанданады.
Елшілік өкілдері азаматтарды құжат тапсыру мерзімін алдын ала жоспарлауға шақырды. Өзекті ақпаратты Қазақстандағы Италия елшілігінің ресми сайтынан немесе VFS Global визалық орталықтарынан білуге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ 5 елдің азаматына виза беруді тоқтатқан еді.