Каспий мұнай құбыры теңіздегі үшінші айлақ құрылғысын іске қосты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында жөндеу жұмысы аяқталып, үшінші айлақ құрылғысы қайта іске қосылды. КҚК енді теңіз арқылы мұнай жөнелту бұрынғыдай қалыпты жүріп жатқанын хабарлады. Теңіз терминалында мұнайды жағалаудан алыста қауіпсіз тиеуге мүмкіндік беретін үш арнайы құрылғы бар.
Жөндеу жұмысы барысында теңіз астындағы кейбір шланг пен құбыр бөліктері ауыстырылған. 21 қаңтар күні жүйе тексеріліп, сынақтан өтті. Осыдан кейін мұнай тиеу үшін танкер қауіпсіз түрде қойылды.
Бұған дейін ВПУ-2 құрылғысына украин дрондары шабуыл жасап, құрылғы істен шыққан. Сол себепті КҚК басшылығы жөндеу жұмыстарын жеделдеткен. Мамандардың айтуынша, мұнайды жоспарға сай жөнелту үшін екі құрылғының қатар жұмыс істеуі жеткілікті.
Айта кету керек, мұндай шлангтарды ауыстыру – жыл сайын жүргізілетін жоспарлы жұмыс. Бұл теңіз терминалындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
КҚК құбыры Қазақстанның Теңіз кен орнынан Ресейдің Новороссийск портына дейін созылып жатыр. Оның ұзындығы 1 511 шақырым. Осы құбыр арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың басым бөлігі шетелге шығарылады. Теңіз терминалында мұнайды жағалаудан алыста қауіпсіз тиеуге мүмкіндік беретін үш арнайы құрылғы бар.