Ұлттық банк ІІ тоқсанда базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін – Goldman Sachs

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ҰБ базалық мөлшерлемені қашан төмендетуі мүмкін / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ-тың ірі инвестициялық банкi Goldman Sachs Қазақстан экономикасының соңғы көрсеткіштеріне сүйене отырып, Ұлттық банк 2026 жылдың екінші тоқсанында базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген болжам айтады.

Қазіргі кезде Ұлттық банк 2025 жылы инфляцияның жоғары деңгейі сақталып тұрғаны үшін базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде ұстап отыр. Реттеуші өз шешімін инфляциялық тәуекелдердің әлі де жоғары болуына және ішкі баға қысымына негіздейді.

Алайда Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, егер 2026 жылдың алғашқы айларында базалық инфляция төмендеу тенденциясын көрсетсе, бұл Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені сәл төмендетуге мүмкіндік береді.

Олар болжамында Қазақстанның инфляциялық динамикасы баяулап, экономикалық жағдай тұрақталатын болса, көрсеткішті төмендетудің алғашқы қадамы жасалуы ықтимал екенін көрсеткен.

Сонымен қатар бұл болжам Ұлттық банктің бірінші жартыжылдықта негізгі көрсеткіш төмендеуі мүмкін емес деген мәлімдемесіне қарама-қайшы.

Сондай-ақ оқыңыз