Ерке Есмаханның шашы дау тудырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Шашты да көре алмай қалуға бола ма?» деп ашу шақырды әнші / фото: instagram
«Шашты да көре алмай қалуға бола ма?» деп ашу шақырды әнші / фото: instagram

Ерке Есмаханның шашы әлеуметтік желіде дау тудырды. Бұған танымал әншінің бұйра шашы көрінетін фотоны жариялауы түрткі болған.

«Сіздер білетін Еркені емес, Райм сүйетін Еркені көрсеткім келді. Күйеуімнің камерасы да, өзі де менің бұйра-бұйра шаштарыма ғашық екенін осы суреттерден байқауға болады», – деп жазған еді әнші фотоның астына.

Бұл фотодан кейін хейтерлер белсенді әрекетке көшкен. Оқырмандарының кейбірі Еркенің шашы табиғи бұйра емес екенін алға тартып, сын айтқан. Бұл әншінің ашуына қатты тигенге ұқсайды.

«Қыздар, менің бұйра шашымды «өтірік, химия жасағансың, биобұйралау жасағансың, парик кигенсің, неге өзімдікі деп ұялмай айтасың» деп жарыса жасып жатқандар көп. Шашты да көре алмай қалуға бола ма?», – деп ашуланды Ерке.

Тіпті, бұл дауға Еркенің туыстары да араласып отыр. «Кішкентайынан білеміз, шашының бұйыралығы өзінікі» деп әншіге араша түскен.

Ерке Есмаханның шашын көре алмағандар да бірбеткей екен. Әншінің айтуынша, бұғаттап тастаса да, ерінбей фейк аккаунт ашып, тағы да жазып отырады. «Өмірлері соншалықты қызықсыз ба?»,  – деп сауал тастайды әнші.

Әлеуметтік желіде сын айтушылардың көптігі Ерке Есмаханды қатты ренжіткені байқалады. Тіпті, бет күтімінің құпиясын сұрағандардың өтінішін орындаудан бас тартып отыр.

«Мен бет терімді макияжсыз көріп, бетіме жасайтын күтімді сұрап жатырсыздар. Енді оны айтып отыруға уақытым жоқ және ерінемін», – деп қатуланды Ерке Есмахан.

Мұның алдында әнші өзін мақтаншақ дейтіндерге жауап берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз