Рыбакина мен Швентек Australian Open ширек финалында кездеседі

Әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек пен әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама үшін таласады. Бұл қос теннисшінің 12-ші жеке кездесуі болмақ.
Қазіргі таңда жеке кездесулердегі есеп бойынша Швёнтек 6:5 есебімен алда. Польша теннисшісі соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жеткен. Атап айтқанда, Рыбакинаны:
- United Cup турнирінде – 7:6(5), 6:4;
- Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында – 6:2, 7:5;
- «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында – 1:6, 6:3, 7:5;
- Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында – 7:5, 6:3
есебімен жеңген.
Алайда олардың соңғы кездесуі 2025 жылғы қорытынды турнирдің топтық кезеңінде өтті. Соңғы ойында Елена Рыбакина айқын басымдықпен жеңіске жетіп, есеп 6:3, 1:6, 0:6 болды.
Қатты жабында (hard) өткен кездесулерде де Швёнтек алда – 5:3, ал «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі есеп тең 1:1.
Айта кетейік, ширек финалдық матч ертең 27 қаңтар күні, таңғы 5:30-да басталады.
Ойынды келесі сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.
Бұған дейін, Рыбакина 1/8 финалында бельгиялық Мертенсті жеңген еді.