Головкин олимпиадалық боксты дамыту туралы Өзбекстан президентімен тілдесті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Головкин олимпиадалық боксты дамыту туралы Өзбекстан президентімен тілдесті / Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент кездесті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті.

«Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы маңызы туралы айтып, елдің Азиядағы боксты дамытуға белсенді үлес қосқанын, сондай-ақ, әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру тәжірибесін атап өткен.

Ақпаратқа сүйенсек, Головкин Мирзиёевке кездесу үшін алғыс білдіріп, халықаралық ұйымның Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, өңірде боксты дамытуға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Еске салайық, Геннадий Головкин 2025 жылдың соңында World Boxing ұйымының президенті болып сайланған еді. Бұған дейін ол ұйымның Олимпиада жөніндегі комиссиясын басқарған және оның стратегиялық бағытын айқындауға белсенді атсалысқан

Сондай-ақ оқыңыз