Маңғыстауда өзін атып өлтірген еркек өгей қызын зорлаған

Маңғыстауда 13 жастағы қызды зорлаған ер адам өзін-өзі атып өлтірді. Бұл жайт оның өлімінен кейін анықталып отыр.
Lada.kz ақпаратына қарағанда, істің егжей-тегжейін Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.
Құқық қорғау органының мәліметінше, 2026 жылы 24 қаңтарда «102» кезекші пультіне жас қыздың зорланғаны туралы арыз түскен.
Тексеру барысында өгей әкесі 13 жастағы қызды зорлағаны анықталды. Бірақ ол 20 қаңтарда өзін-өзі өлтірген.
Полиция істі жан-жақты тергеуге уәде беріп отыр. Кәмелет жасына толмаған қыздың құқықтары қамтамасыз етілгені айтылды.
Жыл соңында елдің оңтүстігі Түркістанда 6 жасар қызды зорлады деген айыппен 8-сынып оқушысы 10 жылға сотталды. Ол кінәсін ішінара мойындаған. Сотталушының ата-анасынан жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге моралдық зиян өндіру міндеттелді.