Қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан қандай спортшылар қатысады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ҰОК

6 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы өтеді. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлауынша, Ойындарда ел намысын 36 спортшы қорғайды. Олар спорттың он түрі бойынша жүлдеге таласады.

Қысқы Олимпиада-2026 | Қазақстан құрамасы
🔫 Биатлон
Владислав Киреев Әсет Дүйсенов Милана Генева Айша Рақышева
⛷️ Тау шаңғысы спорты
Ростислав Хохлов Александра Скороходова
⛸️ Конькимен жүгіру
Евгений Кошкин Надежда Морозова Кристина Силаева Арина Ильященко Елизавета Голубева
⛷️‍♂️ Шаңғы жарысы
Наиль Башмаков Виталий Пухкало Әмірғали Мұратбеков Надежда Степашкина Дарья Ряжко Ксения Шалыгина Анна Мельник
🏂 Шаңғы қоссайысы
Шыңғыс Ракпаров
⛷️ Шаңғымен тұғырдан секіру
Илья Мизерных Данил Васильев
⛸️‍♀️ Мәнерлеп сырғанау
Михаил Шайдоров Софья Самоделкина
🤸 Фристайл-акробатика
Шерзод Хаширбаев Асылхан Асан Роман Иванов Дінмұхамед Райымқұлов Аяна Жолдас
⛷️‍♂️ Фристайл-могул
Павел Колмаков Анастасия Городко Юлия Галышева Аяулым Әміренова
⛸️ Шорт-трек
Абзал Әжғалиев Денис Никиша Яна Хан Ольга Тихонова

Олимпиада ашылу салтанатында мемлекеттік туды ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға, сондай-ақ паралимпиадалық құраманың өкілі Ербол Хамитов алып шығады. Олар жиын алдында арнайы президентпен жолыққан еді.

Ал Қысқы ойындардың өзін «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «Jibek Joly» республикалық телеарналарынан көре аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз