Алматыда тағы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы тұрғын үй кешені құрылысы тоқтаты
Заң талаптарын бұзған құрылыс нысаны / фото: gov.kz

Алматы қаласында тағы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтады. Шаһар билігі нысандарды «талапқа сай емес» деп тапты. Бұл туралы Kursiv.Media қала әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық әуежай маңындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылысын көрген. Тексеру барысында «Bastion» тұрғын үй кешенінің құрылысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдардың келісімінсіз және рұқсатсыз жүргізіліп жатқаны анықталған.

«Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, әуе айлағына жақын аймақтарда және белгіленген күзет аумағы радиусында ғимараттардың қабатына шектеулер қойылады. Осы аймақта салынып жатқан барлық нысан тиісті келісім алуға міндетті. Мұндай құжатсыз біз құрылысты тоқтатамыз, қажет болған жағдайда сүріледі», – дейді шенеунік.

Сонымен бірге, «Dream City Tech» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында құрылыс салушының қасбетті келісімсіз қаптай бастағаны белгілі болды.

Алматы тұрғын үй кешені құрылысы тоқтаты
Құрылысы тоқтаған нысан / фото: gov.kz

Қала әкімінің орынбасары «Шығыс қақпасы» полиорталығындағы барлық құрылыс нысанының сәулеттік келбеті бекітілген бірыңғай тұжырымдамаға қатаң сай болуға тиіс екенін айтқан.

Заң бұзған нысандарда құрылыс жұмысының бәрін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жыл басында ғана Алматыда заңсыз тұрғызылған ғимарат сот шешімімен бұзылған. Ал былтыр жазда тау бөктеріндегі бірнеше үй сүрілген.

Сондай-ақ оқыңыз