Сауда саясатын дамыту орталығының директоры 17 млн теңге сыйақы алған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: primeminister.kz, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының» бас директоры Жеңіс Өсербай 2025 жылы 16,9 млн теңге мөлшерінде сыйақы алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.

Ресми деректерге сәйкес, аталған сома жыл қорытындысы бойынша атқарушы органға төленген жалпы сыйақы көлемі.

Жеңіс Өсербай «QazTrade» компаниясы директоры қызметіне 2023 жылдың қарашасында тағайындалған. Оған дейін 2021-2023 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

«QazTrade» компаниясы 2006 жылы үкіметтің арнайы қаулысы негізінде құрылған. Жеке сайтында «ұлттық сауда жүйесінің көкейтесті проблемалық мәселелерін зертеп және елдің сауда саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысатыны» жазылған. Жалғыз акционері – Сауда және интеграция министрлігі.

Сондай-ақ оқыңыз