Түркістан мен Қызылорда облысы мейрамхана ашудан көш бастап тұр
Жарияланды

Елде бір жылда 73 мейрамхана пайдалануға берілген. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, қаңтар-желтоқсан аралығында ашылған мейрамханалар 20 048 адамға лайықталған.
Ал нысан құрылысына 74,2 млрд теңге жұмсалған.
Мейрамханалар саны бойынша Түркістан облысы (28 нысан) мен Қызылорда облысы (8 нысан) көш бастап тұр.
Сондай-ақ 2025 жылы ел бойынша 92 кафе ашылған. Бұл нысандар алты жарым мыңнан аса адамға лайықталған. Нысан құрылысына 14,2 млрд теңге жұмсалған.
Кафелер де Түркістан (21) мен Қызылордада (14) көп ашылған. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2024 жылы ел бойынша 75 кафе пайдалануға берілген.
Бұған дейін елде бір жылда жаңа 20 мешіт пайдалануға берілгенін жазғанбыз. Мешіт құрылысына 12,6 млрд теңге жұмсалған.