Темірлан Анарбеков тағы үш жыл «Қайрат» қақпасын қорғайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қақпашы Темірлан Анарбеков
фото: «Қайрат» ФК

Қақпашы Темірлан Анарбеков «Қайрат» футбол клубымен келісімшартты тағы үш жылға созды. Ол 2028 жылғы қарашаға дейін алматылық команда қақпасын қорғайды. Бұл туралы Kursiv.Media ФК таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

«Қайрат» клубының баспасөз қызметі таратқан шағын ақпаратты келісімшарт құны туралы ештеңе айтылмаған.

Бұған дейін жанкүйерлер Анарбековті Еуропадағы азулы клубтардың бірі сатып алуы мүмкін деп болжаған. Дегенмен голкипердің ауысуы туралы әңгімелер қауесет күйінде қалды: Темірлан Алматыдан ешқайда кетпейтін болды.

Анарбеков «Қайрат» сапындағы алғашқы матчын 2020 жылғы 30 қарашада өткізген. «Таразға» қарсы ойынға шыққан уақытта голкипер бар болғаны 17 жаста еді. Қазір ол 22 жаста.

Темірлан 2025-2026 жылдары «Қайраттың» Чемпиондар Лигасы аясындағы матчтарда ерекше көзге түсті. Сол кезде баспасөзде оған «Интер», «Аталанта», «Фенербахче» сынды клубтар қызығатыны туралы мәлімет жарияланды. Елдегі командалар да оны өз қақпасында көргісі келді. Ал Transfermarkt неміс порталы Анарбеков құнын 400 мың еуроға бағалады. Футболшының өзі Ағылшын Премьер-лигасында ойнауды армандайтынын жасырмайды.

Бір күн бұрын, 26 қаңтарда «Қайрат» тағы бір дарынды қақпашы Шерхан Қалмырзаны клубта қалдырды. Оның да келісімшарты 2028 жылғы 30 қарашаға дейін ұзартылды.

Сондай-ақ оқыңыз