Израильдік компания Атырау облысында битум зауытын салады

Атырау облысында жаңа битум зауыты пайда болды. Жоба бойынша инвестициялық шартқа Астанада өткен Қазақстан-Израиль бизнес-форумында қол қойылды.
«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының хабарлауынша, форумға 30-дан астам израильдік компанияның өкілдері қатысты. Шара Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың Қазақстанға ресми сапары аясында өтті.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров атап өткендей, өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 162 млн долларды құрады, алайда тараптар ынтымақтастықтың өсу әлеуетін көріп отыр.
«Қазақстан мен Израиль көптеген бағыттар бойынша бірін-бірі толықтырады – аграрлық технологиялар мен азық-түлік қауіпсіздігінен бастап цифрлық шешімдер мен су ресурстарын басқаруға дейін. Біз бірлескен жобаларды іске қосуға, жаңа өндірістік тізбектер құруға және ұзақ мерзімді серіктестіктер қалыптастыруға мүдделіміз. Қазақстан израильдік бизнеске тұрақты, ашық және болжамды инвестициялық ортаны ұсынуға дайын», – деп атап өтті Әлібек Қуантыров.
Форум аясында Атырау облысында битум зауытының құрылысына инвестициялық шартқа қол қойылды. Ақпаратқа сүйенсек, жоба ішкі нарықты битуммен қамтамасыз етуді күшейтеді, сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын ашады.