Қырғызстан Ресейдің үстінен ЕАЭО сотына талап арыз түсірді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қырғызстан Ресейдің үстінен ЕАЭО сотына талап арыз түсірді / Фото: shutterstock

Ресей еңбек мигранттарының отбасына медициналық сақтандырудан бас тартқаны үшін Қырғызстан ЕАЭО сотына талап арыз түсірді.

Бұл туралы Қырғызстан Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Мұқанов Жогорку Кенештің Еңбек, Денсаулық сақтау, Әйелдер істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Депутаттар еңбек мигранттарын Ресейде медициналық көмекпен қамтамасыз ету қалай жүріп жатқанына қызығушылық танытты. Мұқанов ЕАЭО елдері арасында еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына міндетті медициналық сақтандыруға қол жеткізуге кепілдік беретін келісім бар екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда Ресей еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне сақтандыру жасаудан бас тартып, осы Келісімнің 96-97-баптарын бұзуда. Сондықтан Қырғызстан ЕАЭО сотына талап арыз берді. Қарастыру қазірдің өзінде жүріп жатыр, біз екі аптадан кейін шешім күтеміз», – деді ол.

Азамат Мұқанов бұл мәселе Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчуктың Қырғызстанға сапары кезінде де көтерілгенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз