Елена Рыбакина Швентекті жеңіп, Australian Open-нің жартылай финалына шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина АО-2026
Елена Рыбакина АО-2026 / фото: auopen.com

Қазақстандық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалында әлемнің екінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швёнтекті сенімді түрде жеңді. Кездесу 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 10 эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі төртінші жартылай финал болды. Australian Open-дегі екінші жартылай финал. Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші турнир барысында бірде-бір сетте қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ.

Australian Open–2026 жартылай финалында Рыбакина АҚШ өкілімен кездеседі. Джессика Пегула (WTA №6) мен Аманда Анисимова (WTA №4) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз