Қырғыздардың жаңа әнұран нұсқалары депутаттардың көңілінен шықпады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әнұран жобаларын парламент палатасына шығармай, комитет деңгейінде қайта қарау туралы шешім қабылданған / фото: KursivMedia мұрағаты
Әнұран жобаларын парламент палатасына шығармай, комитет деңгейінде қайта қарау туралы шешім қабылданған / фото: KursivMedia мұрағаты

Парламент отырысында спикер Нурланбек Тургунбек уулу жаңа мемлекеттік әнұранның ұсынылған нұсқалары сыннан өтпегенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, кеше профильдік комитетте тыңдалған жобалардың ешқайсысы лайықты деп танылмаған.

Осыған байланысты әнұран жобаларын парламент палатасына шығармай, комитет деңгейінде қайта қарау туралы шешім қабылданған.

«Біздің міндет – қолданыстағы әнұранды жай ғана ауыстыру емес, оны шын мәнінде лайықты туындымен алмастыру. Қазір көп автор әнұранды марш үлгісінде жазып жатыр. Алайда маршты бәрі бірдей орындай алмайды. Әнұранның музыкасы еркін стильде болуы тиіс. Оны тек ресми шараларда ғана емес, той-томалақта да айтуға мүмкіндік болуы керек», – деді спикер.

Нурланбек Тургунбек уулу азаматтарды байқауға белсенді қатысып, өз нұсқаларын ұсынуға шақырды. Оның айтуынша, үздік жұмыстар үшін қомақты жүлделер қарастырылған.

Мұның алдында Қырғызстанның әнұранын жаңартатыны және оған қомақты қаламақы жариялағаны туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ оқыңыз