860 мың тонна мұнай өндірілмеді: «Теңіз» кен орнындағы апат шығыны әлі белгісіз

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Business News бөлімінің редакторы
tengiz, oil, akkenzhenov
Теңіз кен орнындағы апат салдарына қанша мұнай өндірілмеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан «Теңіз» және «Королев» мұнай кен орнында өндірістің тоқтауы салдарынан 860 мың тонна мұнай өндіру мүмкіндігінен айырылған. Бірақ апат нақты қанша шығын әкелгені әлі белгісіз. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Аккенженов хабарлады.

18 қаңтарда кен орнындағы зауыттың екі трансформаторы өртеніп, кен орны операторы мұнай өндірісін уақытша тоқтатқаны белгілі.

«Нақты шығынды есептеуге уақыт керек. «Теңіз» кен орының бір күнге толық тоқтап қалуы бүкіл серіктестерге 40 млн доллар шығын алып келеді», – деді ол.

Ерлан Аккенженов сондай-ақ Chevron және «Тенізшевройл» басшыларымен кездесіп, өндірістен тыс қалған көлемді арттырып өндіріп, толық қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл шаралар Қазақстанның мұнай өндірісіндегі жылдық көрсеткіштеріне теріс әсер етпеуге тиіс.

Бұған дейін министр «Теңіз» кен орнындағы мұнай өндірісі осы аптада толық қалпына келетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз