«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы шешуші кездесуі: Freedom Media ұсынған сараптама

Жарияланды
Кайрат, Арсенал, Лига чемпионов
фото: fckairat

29 қаңтарға қараған түні жанкүйерлер көп күткен чемпиондар Лигасындағы маңызды матч өтеді. Бұл кездесуде біздің «Қайрат» әйгілі «Арсеналмен» бақ сынайды. Студияда әзіл-сықақшы Арнат Өтепбергенов, блогер-сарапшы Қасымжан Мұқатаев және футбол блогері Жомарт Аралбайұлы. Студияның басталуы – 00:00-де. Сарапшалыр екі топтың ойыншылары, алдағы матч және оның нәтижесіне әсер ететін негізгі факторларды жан-жақты талқылайды.

Ал 01:00-де матчтың өзі басталады. Бұл ойын алматылық топ үшін осы маусымның чемпиондар лигасындағы соңғы кездесуі.

Матч туралы

Турнирлік кестеге қарасақ, жағдай анық. «Арсенал» бұл кездесуге сақадай сай: жеті матчтың жетеуінде жеңіске жетіп, топтық кестеде бірінші орында тұр. Лондондық топ турнирдегі негізгі міндеттерін әлдеқашан орындап, бүкіл дода барысында тұрақтылық пен құрамның төзімділігін көрсетті.

Ал «Қайрат» турнир кестесінің соңғы сатысында. Дегенмен дәл осы матч команда үшін осы маусымның чемпиондар Лигасындағы соңғы ойыны болмақ.

Ойынның маңыздылығы

Алдағы кездесуде «Қайратқа» Дастан Сәтпаев көмектесе алмайды. Дегенмен де, команданың жүйелі және тартысты ойын көрсетуі маңызды. Бұл матч алматылық топ үшін еурокубоктық маусымды абыроймен аяқтауға, мінез көрсетіп, турнирге деген құрметін дәлелдеуге берілген мүмкіндік.

Қайдан көруге болады

«Арсенал» – «Кайрат» матчы 28-нен 29-қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де өтеді.

Трансляция мен матч қарсаңындағы аналитика Freedom Media-да қолжетімді. Freedom SuperApp қосымшасында 30 күндік жазылымды 5₸ төлеп рәсімдей аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз