Рекордтық көрсеткіш: 2025 жылы Қазақстанда Hyundai-дың 50 мыңнан аса көлігі сатылды

2025 жылдың қортындысы бойынша Hyundai маркасының 50 868 автокөлігі сатылды. Осылайша ең танымал брендтер ондығында Hyundai көшбасшылығын сақтап қалды.
Hyundai брендінің Қазақстандағы нарықтағы үлесі 21,7% деңгейіне жетті, бұл көрсеткіш Hyundai Motor Company деректеріне сәйкес, бренд ұсынылған барлық елдер арасында (Оңтүстік Кореяны қоспағанда) ең жоғары нәтиже болып саналады.
Қазақстан ресми түрде әлемдік автомобиль нарығының элитасына кіріп, Hyundai жаһандық рейтингісінде 12-орын иеленді. Еліміз абсолюттік сатылым көрсеткіштерінде Италия, Франция, Мексика және Еуропа мен Азияның басқа да ірі дамыған нарықтарын артта қалдырды.
Hyundai модельдерінің қайсысы Қазақстанда көп сатылды
2025 жылы қазақстандықтар арасында ең үлкен сұранысқа ие болған Hyundai Mufasa, Elantra, Santa Fe және Sonata. Бұл бес модель брендтің сатылымдағы топ-5 қатарына кіріп, Hyundai кроссоверлері мен седандарының тұрақты танымалдығын көрсетті.
Hyundai Auto Kazakhstan дистрибуция директоры Марат Смағұлов брендтің көшбасшы болуының бірден-бір себебі тұтынушылардың сенімінде екенін айтады.
«Hyundai қазақстандықтардың сеніміне ие болды және ұзақ уақыттан бері нағыз халықтық брендке айналды. Бірден төрт Hyundai моделі нарықтағы топ-10 қатарында – Tucson, Mufasa, Elantra және Santa Fe. Hyundai-ды таңдау себебі – сенімділік, ойластырылған технологиялар, жайлылық және бағасының әділ қойылуында болып отыр», – деді Марат Смағұлов.
Қазақстанда ең танымал модель – Hyundai Tucson
Қазақстандықтардың жүрегінде ерекше орын алатын Hyundai Tucson 2025 жылы брендтің абсолютті бестселлері атанды. Жыл қорытындысы бойынша 20 697 дана сатылған. Кроссовер Қазақстанның әртүрлі ландшафты мен климатына мінсіз бейімделген. Автокөлік екі литр және 2,5 литрлік сенімді қозғалтқыштар және классикалық автоматты беріліс қорабымен жабдықталған, бұл сенімділік пен жұмсақ жүрісті қамтамасыз етеді.
2025 жылдың жаңа жұлдызы – Hyundai Mufasa
Қазақстан нарығына жаңа келген Hyundai Mufasa моделі 2025 жылы шын мәнінде табысты дебют жасады. Бір жыл ішінде 8 203 дана сатылды. Mufasa брендтің модельдік желісінде сенімді түрде екінші орынға көтеріліп, Қазақстандағы ең көп сатылған автокөліктердің жалпы рейтингінде төртінші орынқа ие болды.
Айта кетейік, 2026 жылы Toyota, Hyundai, BMW, Chevrolet сияқты ірі әлемдік брендтер бірден бірнеше жаңа электромобиль моделін нарыққа шығармақшы.